Газада бір тәулікте 200 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74362-Газада_бір_тәулікте_200_адам_қаза_тапты
Палестина ақпарат көздері өткен 24 сағатта сионистік режимнің Газа секторында кемінде 200 адамды өлтіргенін хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 10, 2023 21:36 Asia/Almaty
  • Газада бір тәулікте 200 адам қаза тапты

Палестина ақпарат көздері өткен 24 сағатта сионистік режимнің Газа секторында кемінде 200 адамды өлтіргенін хабарлады.

Бүгін таңертең Газа секторының түрлі аудандарына әуеден шабуылдар жасалып, зеңбіректер атылды. Бұл шабуылдарда Газа секторының оңтүстігі мен орталығындағы Хан-Юнес, Рафах, Дейр ул-Балх, әз-Завайда, әл-Мағази қатты бомбаланды. Газа қаласының шығысындағы әт-Тафах пен әш-Шоджаие аудандарына түтіндейтін форфорлы бомбалар тасталды. Шабуылдар салдарынан Газаның көгін түтін басты. Күн сайын Газадағы гуманитарлық жағдай ушығып барады.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы директорының орынбасары: "Газадағы 10 адамның 9-ы күн сайын тамақ таппай отыр. Қазіргі таңда Газа халқының жартысы аштыққа ұшырап, өлім аузында жатыр. Босқындардың көбінде паналайтын жер жоқ",-деді.

Кеше сионист әскерилер босқындарды бір мектептен қуып шығып, оны жағып жіберді. Тель-әз-Зәирдағы "әл-Ауда" ауруханасының су резервуары әуеден нысанаға алынды.