Газадағы денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі туралы ескертулер жалғасуда
(last modified Tue, 12 Dec 2023 10:55:55 GMT )
Жел 12, 2023 16:55 Asia/Almaty
  •  Газадағы денсаулық сақтау жүйесінің күйреуі туралы ескертулер жалғасуда

Газадағы денсаулық сақтау органдары дүйсенбіде дәрі-дәрмектің, медициналық жабдықтардың жоқтығы және Газадағы медициналық сектордың күйреу мүмкіндігі туралы ескертті.

«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ауруханалардың баспасөз хатшысы Халил әз-Зекран: «Бұл ауруханада дұрыс денсаулық жүйесі жоқ және Израильдің жаппай шабуылдары кезінде кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін. Дүйсенбі күні 40 палестиналық шәһид пен 50 жаралы ауруханаға жеткізілді. Бұл орталықта жарақат алғандардың саны артып жатқан тұста ауруханада дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар жетіспейді»,- деді. Бұл аурухананың баспасөз хатшысының айтуынша, бұл ауруханадағы жаралылардың саны оның мүмкіндігінен бес есе көп.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс соғыс басталғалы бері сионистік режимнің Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы медициналық орталықтарға 449-дан астам шабуыл жасағанын айтты