Сионистік режимге қарсы әскери соғыспен бір мезгілде киберсоғыс жүргізілуде
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74438-Сионистік_режимге_қарсы_әскери_соғыспен_бір_мезгілде_киберсоғыс_жүргізілуде
Палестиналықтарға қарсы әскери соғыста еш нәрсеге қол жеткізе алмаған сионистік режим  ауқымды киберсоғысқа тап болды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 13, 2023 22:02 Asia/Almaty
  • Сионистік режимге қарсы әскери соғыспен бір мезгілде киберсоғыс жүргізілуде

Палестиналықтарға қарсы әскери соғыста еш нәрсеге қол жеткізе алмаған сионистік режим  ауқымды киберсоғысқа тап болды.

 

"Әл-Ақса дауылы"  басталғаннан бері шамамен 70 күн өтті. Сионистік режим өзінің 75 жылдық тарихындағы "әл-Ақса дауылы" операциясында ең үлкен барлау және әскери жеңіліске ұшырады. Бұл сәтсіздіктің ауқымы барлық әскери қылмыстар орын алған Газаға қарсы жаппай соғыстың маңызды факторы болды. Бірақ сионистік режим тұтқындарды босату және ХАМАСты жою сияқты әскери мақсаттарына жете алмады, сондықтан тағы бір жеңіліске ұшырады. Сионистік режимнің өткен 70 күндегі сәтсіздіктері мен осалдықтары тек қатаң әскери саламен шектелмеді. Бұл режим жұмсақ  соғыста да көптеген осалдықтар мен қауіптермен бетпе-бет келді. Сионистік режимнің киберқауіпсіздік ұйымдары соңғы екі айда 2 мыңнан астам жеке ақпараттың сыртқа шығуының байқалғанын, бұл қалыпты күндерден 10 есе көп екенін хабарлады. Бұл сионистік режим тарихындағы ең үлкен кибершабуыл екені айтылады.

Кибершабуылдардың бұл көлемі бірнеше маңызды нүктеге ие:

Біріншіден, сионистік режим біріккен әскери, барлау, әлеуметтік (кері көші-қон) және кибер қауіп-қатерлерге бұрынғыдан да көбірек тап болды.

Екіншіден, сионистік режим Палестина халқына қарсы шектен тыс зорлық-зомбылық жасап, геноцид, соғыс қылмыстары мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар жасағандықтан, соңғы екі айда кибершабуылдар күшейді. Шын мәнінде, жаппай кибершабуылдар сионистердің қылмыстарына реакция болып табылады.

Үшіншіден, сионистік режимге қарсы кибершабуылдар кең мақсаттарды қамтиды және бірнеше нақты мекемелер мен ұйымдармен шектелмейді. Темір жолдар, су тазарту және тарату станциясы, газеттер мен бейне ақпарат құралдары, барлау және әскери мекемелер және басқа да бірнеше мекемелер кибершабуылдардың нысанасына алынды. Шын мәнінде, Израильдің өмірлік маңызды мекемелері мен ұйымдары бірнеше рет жаппай кибершабуылдардың нысанасына айналды.

Төртіншіден, кейбір кибершабуылдар қарсы шаралар болып табылады. Мәселен, кибер кек алушылардың тобы суды тазарту және тарату станциясына шабуыл жасап, бұл әрекетін Газа секторындағы судың кесілуіне байланысты сионистік режимге реакция ретінде білдіріп, олар сионистік режимнің басшыларына кек алу хабарын жолдады. Кибер кек алушылар тобы жариялаған құжаттарға сәйкес, олар басып алынған аумақтардағы 18 су тазарту және тарату станцияларына қол жеткізген.

Бесіншіден, кибершабуылдардың айтарлықтай артуы сионистік билік өкілдерін қатты алаңдатты. Өйткені, олардың көзқарасы бойынша, Израиль мен қарсыласу топтары арасындағы соғыстың тағы бір майданы қалыптасты, оны әскери қақтығыс сияқты бомбалау мүмкін емес. Киберсоғыс "әл-Ақса дауылы" сияқты сионистік режимнің тежеу ​​күшіне күмән келтіріп, оның барлау және әскери қуатының осал екенін дәлелдеп отыр.