2 мыңнан аса сионист сарбаз Сорока ауруханасына жеткізілді
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74472-2_мыңнан_аса_сионист_сарбаз_Сорока_ауруханасына_жеткізілді
Сионистік режимнің Сорока ауруханасы бейсенбі күні: "Газада соғыс басталғалы бері тек осы ауруханаға 2148 жаралы израильдік жеткізілді",-деп хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 15, 2023 20:31 Asia/Almaty
  • 2 мыңнан аса сионист сарбаз Сорока ауруханасына жеткізілді

Сионистік режимнің Сорока ауруханасы бейсенбі күні: "Газада соғыс басталғалы бері тек осы ауруханаға 2148 жаралы израильдік жеткізілді",-деп хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аурухана басшылығы өткен 24 сағатта Газада жараланған тағы 35 сарбазды қабылдағанын айтты. Олардың ішінде 8 адамның жағдайы ауыр.

Бейсенбі күні Газаның түрлі аудандарында Палестина қарсыласу күштері мен сионистік режим армиясы арасында болған қақтығыстарда 10 израильдік әскери қызметкер қаза тауып, кемінде 8 танкі мен сауытты көлік жойылды.

Бұған дейін сионистік режимнің Кфир бригадасының қолбасшысы Ашир бин Лулу: "Газадағы соғыс өте ауыр да күрделі",-деген болатын.