Палестиналық шәһидтердің саны шамамен 19 мың адамға жетті
(last modified Sat, 16 Dec 2023 11:02:36 GMT )
Жел 16, 2023 17:02 Asia/Almaty
  • Палестиналық шәһидтердің саны шамамен 19 мың адамға жетті

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 7 қазаннан бері Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында шәһид болған палестиналықтардың санының 19 мыңға жеткенін жариялады.

 

Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестина халқына қарсы шабуылы басталғалы шәһидтер санының 18 мың 987-ге, жарақат алғандар санының 55 мыңнан асқанын хабарлады. Бұл министрлік: «Газа секторында 18 мың 700 адам шәһил болып, 51 мыңнан астам адам жараланды, Иордан өзенінің батыс жағалауында шәһидтер саны 286, жараланғандар саны 3 мың 431 болды. Жарақат алғандардың 70%-ға жуығы әйелдер мен балалар, Газа секторында мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Осы кезеңде медицина бөлімінің 300 қызметкері, 32 өрт сөндіруші, 86 журналист және UNRWA-ның 135 қызметкері шәһид болды»,- деп мәлімдеді.