Жел 16, 2023 22:00 Asia/Almaty
  • Иордан өзенінің батыс жағалауы да басқыншылардың тоқтаусыз шабуылдарының нысанасына айналды

Өткен түнде сионистік күштер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Наблус қаласына бірнеше осьтен шабуыл жасады. Бұл шабуылда бір палестиналық жас Асқар лагерінде басқыншы күштердің оғынан қаза тапты. Наблустағы әл-Айн лагерінде бірнеше палестиналық жарақат алды.

 

 

 

Басқыншы режимнің ұшқышсыз ұшағы Наблустағы Балата лагерін бомбалап, екі адам жараланды. Кеше түнде Рамалла, Хеброн және Бетлехем қалаларында басқыншы күштер мен қарсыласу күштері арасында кескілескен қақтығыстар орын алды.

"Әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері Иордан өзенінің батыс жағалауында 286 адам шәһид болып, 3431 адам жараланды. Сондай-ақ сионистер Иордан өзенінің батыс жағалауында 4400-ден астам палестиналықты тұтқынға алды.

 

Тегтер