Сириядағы АҚШ базаларында қатарынан жарылыстар болды
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74518-Сириядағы_АҚШ_базаларында_қатарынан_жарылыстар_болды
Сирияның солтүстік-шығысындағы америкалық коалицияның екі базасы бірнеше шабуылға ұшырады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 17, 2023 22:12 Asia/Almaty
  •  Сириядағы АҚШ базаларында қатарынан жарылыстар болды

Сирияның солтүстік-шығысындағы америкалық коалицияның екі базасы бірнеше шабуылға ұшырады.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Газа халқына қолдау көрсету мақсатында Ирак пен Сириядағы америкалық базаларға қарсылық шабуылдарының жалғасуында Сирияның солтүстік-шығысында «Конико» газ кеніші мен «Әл-Омар» мұнай алаңы маңындағы Америка әскери базасы тағы да нысанаға алынды.  Осы мәлімет бойынша, «Әл-Омар» мұнай кен орны маңындағы «Әл-Хадра» ауылындағы америкалық базада төрт жарылыс болды.  Хабарламаға сәйкес, ұшқышсыз ұшақ Конико базасына сәтті соққы  беріп, базадан түтін шыққан. «Конико» базасы мен Сирияның шығысындағы «Аш-Шадади» базасындағы америкалық  оккупацияның орны да нысанаға алынды.

Пентагон қызметкері: "Сирия мен Ирактағы америкалық күштер 17 қазан мен 13 желтоқсан аралығында 97 рет ұшқышсыз ұшақтар мен  зымырандық шабуылдарға ұшырады",- деді.