Сириядағы АҚШ базаларында қатарынан жарылыстар болды
Сирияның солтүстік-шығысындағы америкалық коалицияның екі базасы бірнеше шабуылға ұшырады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Газа халқына қолдау көрсету мақсатында Ирак пен Сириядағы америкалық базаларға қарсылық шабуылдарының жалғасуында Сирияның солтүстік-шығысында «Конико» газ кеніші мен «Әл-Омар» мұнай алаңы маңындағы Америка әскери базасы тағы да нысанаға алынды. Осы мәлімет бойынша, «Әл-Омар» мұнай кен орны маңындағы «Әл-Хадра» ауылындағы америкалық базада төрт жарылыс болды. Хабарламаға сәйкес, ұшқышсыз ұшақ Конико базасына сәтті соққы беріп, базадан түтін шыққан. «Конико» базасы мен Сирияның шығысындағы «Аш-Шадади» базасындағы америкалық оккупацияның орны да нысанаға алынды.
Пентагон қызметкері: "Сирия мен Ирактағы америкалық күштер 17 қазан мен 13 желтоқсан аралығында 97 рет ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандық шабуылдарға ұшырады",- деді.