Сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы тағы бір қылмысы
(last modified Sun, 17 Dec 2023 16:23:05 GMT )
Жел 17, 2023 22:23 Asia/Almaty
  •  Сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы тағы бір қылмысы

Сионистік сарбаздар Газадағы аурухананың ауласында ондаған жаралы және қоныс аударған палестиналықтарды  тірідей көмді.

 

 

 

«Әл-Джазира» телеарнасының хабарлауынша, сионистік армия күштері бульдозерлердің көмегімен Камал Адван ауруханасының ауласындағы палестиналық босқындардың шатырларын қиратып, барлығын аурухананың ауласында тірідей көмді.

Осы хабарға қарағанда, басқыншылардың бульдозерлерінен шәһид болған 20-дан астам адамның денесі әлі де Камал Адван ауруханасында жатыр.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газада сионистік басқыншылардың Камал Адван және Әл-Ауда ауруханаларында қозғалатын кез келген адамды нысанаға алғанын хабарлады. Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ: "Сионистік басқыншы армия Камал Адван және Әл-Ауда ауруханаларының оңтүстік бөлігін толығымен қиратып, осы аурухананың медициналық қызметкерлерін де нысанаға алуда",- деп баса айтты.

Сионистік армия сонымен қатар Газа секторының солтүстігіндегі Камал Адван ауруханасында жүргізген операцияларда 90 палестиналықты тұтқындағанын хабарлады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі кеше, сенбі күні сионистік режимнің Газаға басып кіруі басталғалы (7 қазан) бері палестиналық шәһидтер санының 19 880-ден асқанын хабарлады.