ХАМАС: Израильде тек 3 таңдау жолы бар
(last modified Mon, 18 Dec 2023 10:09:47 GMT )
Жел 18, 2023 16:09 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Израильде тек 3 таңдау жолы бар

ХАМАС-тың аға мүшесі Усама Хамдан: "ХАМАС-тың позициясы айқын. Сионистік режимде тек 3 таңдау жолы бар. Қарсыласу күштері айлар бойы табанды қарсы тұруға дайын",-деді.

Усама Хамдан Al-Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында тұтқындармен алмасу мақсатында жаңа келісімге келу үшін Тель-Авивпен жасырын келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпарат туралы: "Басқыншыларда тек 3 таңдау жолы бар: "Шалит" таңдауы, өз майдандасы тарапынан өлтірілетін сарбаздар жолы немесе "Рон Арад" таңдауы",-деді.

ХАМАС-тың әскери тармағы Қассам батальондары 2006 жылы сионистік сарбаз Гилад Шалитті тұтқынға алған. Басқыншылар Газа секторына бірнеше шабуыл жасаса да, оны таба алмаған. 2011 жылы ХАМАС Гилад Шалитті мыңнан аса палестиналық тұтқынға айырбастады.

Сионист ұшқыш Рон Арадтың ұшағы 1986 жылы Ливанда құлап, өзі жоғалып жетті. Басқыншылар осы күнге дейін ол туралы маңызды мәлімет ала алмады.

Усама Хамдан: "Израильдіктер шайқас барысында өз мақсаттарына жете алмады",-деді.