Газаның солтүстігіндегі Джебалияға шабуылда кемінде 110 адам қаза тапты
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74538-Газаның_солтүстігіндегі_Джебалияға_шабуылда_кемінде_110_адам_қаза_тапты
Газаның солтүстігіндегі Джебалияның бомбалануы салдарынан кемінде 110 адам қаза тапты, 10 адам әлі үйінді астында жатыр. Қаза болғандардың көбі – әйелдер мен балалар.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Жел 18, 2023 17:08 Asia/Almaty
  • Газаның солтүстігіндегі Джебалияға шабуылда кемінде 110 адам қаза тапты

Газаның солтүстігіндегі Джебалияның бомбалануы салдарынан кемінде 110 адам қаза тапты, 10 адам әлі үйінді астында жатыр. Қаза болғандардың көбі – әйелдер мен балалар.

Басқыншылар бүгін таңертең Газа секторының басқа бірнеше ауданына әуеден шабуыл жасап, зеңбіректермен атқылады. "Насират" лагерін бомбалау салдарынан 15 адам қаза тапты. Бұл шабуылда бір палестиналық тілші жанұясымен бірге шәһид болды. Газада қаза тапқан тілшілер саны 95 адамға жетті.

Сионистік режим армиясының ауруханаларға шабуылының жаңа легінде "әл-Уде", "Камал Адван" және "Насер" ауруханалары нысанаға алынды. Бұл шабуылдарда оннан аса адам шәһид болып, жараланды.