Қарсыласу жауынгерлерінің қолынан екі сионистік сарбаз өлді
Израиль армиясы Газадағы соғыста бірқатар сарбазының өлгенін және жараланғанын мойындады.
"Әл-Джазираның" сейсенбі күнгі иәліметін бойынша, Израиль армиясы Газаның оңтүстігі мен солтүстігінде палестиналық қарсыласу жауынгерлерімен шайқаста «Бахлом» бөлімшесінің бір офицері мен бір сарбазының қаза тапқанын хабарлады. Осы сионистік офицер мен сарбаздың өлімімен 7 қазаннан бері қаза тапқан осы режим сарбаздарының саны 463-ке жетті.
Сионистік «Гаарец» газеті Израиль армиясының жаралы сарбаздарының осы режимнің ауруханаларына жеткізілуінің жалғасуына сілтеме жасап: "Израиль армиясы жариялаған жаралылар саны мен ауруханалар тізімінде жазылған статистика арасында үлкен айырмашылық бар",- деп жариялады.