Тель-Авив соғысты тоқтатуға тырысуда
(last modified Wed, 20 Dec 2023 13:15:48 GMT )
Жел 20, 2023 19:15 Asia/Almaty
  • Тель-Авив соғысты тоқтатуға тырысуда

Израиль шенеуніктері мен БАҚ бүгін, сәрсенбі, желтоқсанның 20-сы, Тель-Авивтің ХАМАСпен тағы бір атысты тоқтату келісіміне дайын екенін және Катардың делдалдық әрекетінің сәтті болуы үшін америкалық шенеуніктерге қысым көрсетіп жатқанын хабарлады.

 

 

Тель-Авивте дайындық жұмыстары жарияланған уақытта араб ақпарат құралдары бүгін ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиенің атысты тоқтату келіссөздеріне қатысу үшін Каирге кеткенін хабарлады.

ХАМАС таратқан израильдік тұтқындардың бейнелері Тель-Авивтегі алаңдаушылық пен үкіметке қарсы наразылық деңгейін артуын көрсетеді.

Америкалық Washington Post газеті: "Израиль Хамастың тұтқындарды қауіпсіз орындарға жинап, құрлық күштерін Газа секторының солтүстігіне шығару мүмкіндігімен тұтқындардың ең көп санын босатуы үшін Израиль екі апталық атысты тоқтатуға келісуі мүмкін",- деп жазды.