Өткен 72 сағатта сионистік режимнің 41 сауытты көлігі жойылды
Жел 21, 2023 21:36 Asia/Almaty
ХАМАС-тың әскери тармағы Қассам батальондарының ақпарат өкілі Әбу Убайда бейсенбі күні: "Бұл батальондар өткен 72 сағатта сионистік режимнің 41 сауытты көлігін жойды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әбу Убайда Telegram каналындағы жеке парақшасында 25 израильдік әскеридің қаза тауып, ондаған сарбаздың жараланғанын хабарлады.
Әбу Убайда: "Қассам батальондары Тель-Авив қаласы мен басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі Криьят-Шмона сионистік қалашығына зымырандық шабуыл жасады",-деді.
Сионистік режимнің армиясы сәрсенбі күні кешке: "Өткен 24 сағатта Газа секторындағы қақтығыстарда 29 сионист әскери жараланды",-деп хабарлады.