Израиль армиясының қаза болғандар саны 472 адамға жетті
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74664-Израиль_армиясының_қаза_болғандар_саны_472_адамға_жетті
Бүгін (сенбі) Израиль армиясы тағы бір сарбазының қаза тапқанын  жариялап, 7 қазаннан бері қаза тапқандар санын 472-ге жеткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 23, 2023 22:17 Asia/Almaty
  • Израиль армиясының қаза болғандар саны 472 адамға жетті

Бүгін (сенбі) Израиль армиясы тағы бір сарбазының қаза тапқанын  жариялап, 7 қазаннан бері қаза тапқандар санын 472-ге жеткізді.

 

«Әл-Алам» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы хабарға сәйкес, Газада құрлық операциясы басталғаннан бері қаза тапқан сионистік әскерилердің саны 140 адамға жетті.

Сионистік армияның мәлімдемесіне сәйкес, бүгін қаза тапқан сарбаз Ливаннан атылған зымыраннан қаза тапқан 71-ші батальонның сержанты Амит Хад Зив, 19 жаста. Бұл мәлімдеме сионистік армияның "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері жараланғандар санының 1952 екенін, оның 784-інің Газадағы құрлық соғысына қатысты екенін жариялады.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі де Газадағы палестиналық шәһидтер санын 20057, жаралы санын 53320 деп жариялады.