Лариджани: Парсы шығанағының атауын алып тастау төңірегіндегі талпыныстар бос әурешілік
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы кейбір аймақтық елдердің Парсы шығанағының атауын алып тастауға қатысты талпыныстарының нәтиже бермейтінін айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сенбі күні 29-шы Халықаралық Теһран көрмесінің жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде аймақтық елдердің көбімен салыстырғанда Иран өркениетінің тарихи тамырының тереңдігін айтып: «Бұған қарамастан, аймақтағы кейбір араб елдері «парсы» сөзін Парсы шығанағынан алып тастауға күш салуда, бірақ олардың бұл талпыныстары нәтиже бермейді. Олар Иран халқының бай өркениетке ие екендігін мойындаулары тиіс»,-деді.
Лариджани тілеулестік пен интеграцияның дамуға себеп болатынын айтып: «Дау-дамай мен жанжал аймақта текетірестің артуына себеп болады. Елдің дамуы үшін интеграцияға бейім болып, Иранның одан ары абадтандырыла түсуі үшін бір-біріміздің кем-кетіктеріміздің орнын толтыруымыз керек»,-деді.