Йеменнің Америкаға ескертуі: Біз толық әскери дайындықтамыз
(last modified Sat, 30 Dec 2023 10:50:14 GMT )
Жел 30, 2023 16:50 Asia/Almaty
  • Йеменнің Америкаға ескертуі: Біз толық әскери дайындықтамыз

Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари кеше, желтоқсанның 29-ы күні түнде АҚШ пен Санаға қарсы теңіз коалициясына қатысушы елдерге ескерту жасап, шиеленістің ушығуының салдары үшін Вашингтонды айыптады.

 

Ол Сананың Палестина мәселесіне қатысты ұстанымдарының беріктігін және әртүрлі жағдайларда оның өзгермейтіндігін қуаттап: «Йемен қарулы күштері еліміз бен халқымызға қарсы кез келген агрессияға қарсы тұру үшін Абдул Малик Бадр ад-Дин әл-Хоусидің бұйрығын кез келген уақытта орындауға толық дайын»,- деді. Ислам үмбетін Палестинаға қолдау көрсетуге шақырған Сари Вашингтонға: «Америкалық жау көшбасшымыздың соңғы сөзіндегі ескертулеріне назар аударуы керек. Өйткені ол сөздің де, істің де адамы»,- деп ескертті.

Өткен аптада Йеменнің Ансаролласының жетекшісі Йеменнің Палестинаға жүздеген мың адамды жіберуге дайын екенін жариялаған сөзінде: «Қазіргі уақытта біз әскери күш-қуатымызды оны соғыстағы елдерге қарсы тұру үшін пайдалануға тырысамыз»,- деді.

 

 

Тегтер