Сионистік режим басып алынған Голаннан Сирияға шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i74884
Сириялық әскери дереккөз бүгін  таңертең сионистік режимнің Дамаск Рифінің бірнеше нүктесіне жаңа шабуылдары туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 02, 2024 21:15 Asia/Almaty
  • Сионистік режим басып алынған Голаннан Сирияға шабуыл жасады

Сириялық әскери дереккөз бүгін  таңертең сионистік режимнің Дамаск Рифінің бірнеше нүктесіне жаңа шабуылдары туралы хабарлады.

 

"Әл-Аламның" хабарлауы бойынша, аталған дереккөз былай деп қосты: "Бүгін таңғы сағат 4:35 шамасында Сирияның басып алынған Голан аймағынан әуеге көтерілген сионистік режимнің жойғыш ұшақтары Дамаск Рифінің бірнеше нүктесіне шабуыл жасады".

Сенбі күні кешке Жерорта теңізінен Латакияның батысына жасалған шабуылда басқыншы режим Алеппоның оңтүстігіндегі бірнеше нүктені бомбалап, бұл аймақтарға шығын келтірді.