ДАИШ - Американың және сионистік режимнің аймақтағы прокси агенті
(last modified Sat, 06 Jan 2024 15:47:13 GMT )
Қаң 06, 2024 21:47 Asia/Almaty
  • ДАИШ - Американың және сионистік режимнің аймақтағы прокси агенті

ДАИШ тобы бейсенбі күні кешке Кермандағы лаңкестік жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. ДАИШ тобы АҚШ пен сионистік режимнің Батыс Азия аймағындағы қолдан жасалған топ және сенімді өкілі ретінде белгілі.

 

 

Батыс Азия аймағының жағдайлары, әсіресе Газа соғысы және сионистік режимнің қарсыласуынан жеңілісі мен ауыр шығыны ескеріле отырып, әуел бастан бұл режим және оның негізгі қолдаушысы АҚШ осы лаңкестік әрекеттің бірінші дәрежелі айыпталушысы танылды. Бірақ Америка мен сионистік режим бұрынғыдай өздерінің бұл қылмыстағы рөлін жоққа шығарды. Мысалы, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер Кермандағы лаңкестік оқиғаға қатысты: «Вашингтонның Ирандағы жарылыстарға ешқандай қатысы жоқ және Израильдің қатысы бар деуге негіз жоқ», - деп мәлімдеді. Сионистік режим армиясының ақпарат хатшысы Даниел Хагари да сәрсенбі күні кешкі баспасөз мәслихатында: «Ирандағы жарылыстар туралы айтар ештеңеміз жоқ және біз Хамасқа қарсы соғысқа шоғырланудамыз",- деді. Бірақ ақиқат мынада, ДАИШ сияқты лаңкестік топ ИИР-ның дұшпандарының ұйымдасқан қолдауынсыз ешқашан мұндай қылмысты жасай алмайды.

Нақты дәлелдер АҚШ-тың қарсыласу осіне қарсы тұру үшін тәкфирлік лаңкестік ДАИШ тобының құрылуы мен дамуында шешуші рөл атқарғанын көрсетеді. АҚШ ДАИШ-тің Ирак пен Сириядағы, одан кейін Ауғанстандағы әрекеттерін кеңейту үшін үздіксіз талпыныс жасады. Америка Батыстың көшбасшысы ретінде батыстық және араб әріптестерімен бірге тәкфиршіл лаңкестерді, соның ішінде ДАИШ-ті қолдап, оларды өз мақсаттарына жету құралы ретінде қарастырды.Дональд Трамп 2016 жылдың тамызында Барак Обаманың президенттігі кезіндегі өзінің сайлауалды баяндамаларының бірінде оны және сайлаудағы Демократиялық партиядан үміткер, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды ДАИШ-тің негізін құрушылар деп атады.

Басқа жағынан, сионистердің де Керман лаңкестік әрекетіндегі рөлін үнсіз немесе теріске шығаруға тырысқанымен, сионистік режимнің Иран мен басқа елдерді қауіпсіз емес ету үшін лаңкестік топтармен ынтымақтастық жасаудағы ұзақ тарихы бұл уәждеріне сәйкес келмейді.

Сондықтан Америка мен сионистік режим Кермандағы лаңкестік әрекетке қатысудан аулақ болуға тырысып жатқанымен, бұл қылмыстың жауапкершілігі лаңкестік топтардың, соның ішінде ДАИШ-тың тікелей және жанама қолдауына байланысты.