Израиль армиясы Газа халқының мүлкін тонап жатыр
Палестина басшылары сионистік режим армиясының жаңа қылмысы, яғни Газа халқының миллиондаған доллар тұратын қымбат мүлкін ұрлағанын хабарлады.
ХАМАС-тың айтуынша, Газа халқынан соңғы 92 күннің ішінде 92 млн шекел (25 млн доллар) тұратын алтын, көне ескеркіштер мен ақшаның Израиль армиясы тарапынан ұрланғаны туралы ондаған арыз-шағым түскен.
Израильдің "Едиот Ахронот" газеті өз мақаласында бұл талан-тараждардың ресми түрде тіркелгенін айтып, мұны "Газа халқының мүлкін жүйелі түрде тонау" деп атады.
Палестина басшылары бұған дейін Израиль армиясының жаңа қылмысы ретінде Газа қаласының солтүстігінде орналасқан әл-Таффах зиратында 1100 қабірге эксгумация жасағанын әшкереледі. Бұл Газа шәһидтерінің дене мүшелері ұрланды деген күдікті күшейтіп отыр.