Газада халықты қырып-жойып, үйлерін қирату жалғасып жатыр
(last modified Mon, 08 Jan 2024 17:21:43 GMT )
Қаң 08, 2024 23:21 Asia/Almaty

Израиль режимі Газа секторының түрлі аудандары, соның ішінде Хан-Юнеске айуандық шабуылдарын жалғастырып жатыр. Палестиналық шәһидтердің саны күн санап артуда.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа соғысы 94-ші күнге аяқ басты. Израиль армиясының әуеден және жерден шабуылдары Газа халқының жағдайын одан ары ауырлатып жіберді.

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнес сионистердің шабуылдары салдарынан қирандыға айналды. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген сионистер Хан-Юнес ауданы тұрғындарының үйлерін нысанаға алып жатыр.  

Израиль армиясының Газа секторына шабуылдарында қаза тапқандар саны 22850 адамге жетті, жараланғандар саны 58500 адамнан асты.