Бадруддин - антисионистік күрестердің өзегі
Maм 15, 2016 22:17 Asia/Almaty
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Ливан Хезболласының аға қолбасшысы шәһид Мустафа Бадруддиннің Таяу Шығыс аймағындағы сионистік режиммен күрестің өзегі болғанын айтты.
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мәжілістің жексенбі күнгі ашық отырысының басында Ливан Хезболласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролла мен исламдық қарсыласу қозғалысының күрескерлеріне Мустафа Бадруддиннің шәһид болуына байланысты тағы көңіл айтып: "Исламның осы сардары өз өмірін қанішер сионистермен күресу жолында пида етті" деді.
Тегтер