Әбу Убайда: Күш қолдану – сионистердің қырып-жоюларына жауап
(last modified Mon, 15 Jan 2024 12:11:39 GMT )
Қаң 15, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • Әбу Убайда: Күш қолдану – сионистердің қырып-жоюларына жауап

ХАМАС қозғалысының әскери тармағы Қассам батальондарының баспасөз өкілі сионистік режим армиясының басқыншылығына табанды қарсы тұрғандарына жүз күн толуына орай сөйлеген сөзінде: "100 күннің ішінде дұшпанның 1000-нан аса әскери көлігін жойдық. Жүздеген сәтті әскери операция жасадық",-деді.

Қассам батальондарының баспасөз өкілі: "Қарсыласу күштері дұшпанға төтеп беру үшін қолданып жатқан барлық қару-жарақтар осы батальон мамандарының қолымен жасалған",-деді.

Ол халықты жоюға бағытталған қырғынға жауап беру үшін күш қолданудан басқа амал қалмағанын айтып: "Палестина халқына қарсы басқыншылықты тоқтатуды талап етуден басқа сөздің мәні жоқ",-деді.  

Қассам батальондарының баспасөз өкілі: "Палестинадан тыс жердегі қарсыласу күштері бізге хат жолдады. Газаға шабуылдар жалғасатын болса, олар алдағы күндері өз операцияларын кеңейтеді",-деді.  

Әбу Убайда: "Ливан, Йемен мен Ирактың қарсыласу күштеріне сәлем жолдаймыз, шәһидтеріне бас иіп тағзым етеміз",-деді.

Тегтер