Нетаньяху ХАМАС-тың тұтқындармен алмасу үшін ұсынған шарттарын қабылдамады
(last modified Mon, 22 Jan 2024 14:46:01 GMT )
Қаң 22, 2024 20:46 Asia/Almaty
  • Нетаньяху ХАМАС-тың тұтқындармен алмасу үшін ұсынған шарттарын қабылдамады

Бұл күндері Газадағы соғысты тоқтатуға қатысты іштен де, сырттан да қысым көріп отырған сионистік режимнің Премьер-министрі ХАМАС-тың тұтқындармен алмасу үшін ұсынған шарттарын қабылдамады.

Al-Mayadeen арнасының хабарлауынша, Беньямин Нетаньяху жексенбі күні: "Барлық майдандарда соғысты жалғастырамыз",-деді.

Нетаньяхудың осы сөзінен кейін израильдік тұтқындардың жанұялары оның үйінің алдына жиналып, тез арада тұтқындармен алмасу туралы келісім жасауды талап етті.

Жексенбі күні Тель-Авивте де Беньямин Нетаньяхуға қарсы шеру өтті. Соғысты тоқтату және тұтқындарды босатуды талап еткен көше шерулері Тель-Авив үкіметінің құлауын жақындатып, Палестина қарсыласу күштерімен шайқаста Израиль армиясын әлсіретті.

Сионистік тұтқындардың жанұялары жексенбі күні кешке Тель-Авивте  сионистік режимнің Соғыс министрлігі ғимаратына апаратын жолды жауып тастап, тұтқындармен алмасуды талап етті.