Газадағы соғыстың 111-ші күні; Хан Юнис ауруханалары нысанаға алынып жатыр
(last modified Thu, 25 Jan 2024 15:37:13 GMT )
Қаң 25, 2024 21:37 Asia/Almaty

Бүгін, бейсенбі (25 қаңтар) Газадағы соғыстың 111-ші күнінде бейбіт тұрғындар, балалар мен әйелдердің шығыны үздіксіз артуы жағдайында Хан Юніс қаласын бомбалау жалғасуда.

 

Cионистік армия бірнеше күннен бері әуе шабуылдарымен және бір мезгілде палестиналық босқындардың баспаналарын бомбалаумен Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнисте ілгерілеп келеді.

«Al Arabi Al-Jadeed» газетінің сайтының хабарлауынша, палестиналық қарсыласу күштері мен басып алушы армия арасындағы жердегі қақтығыстар қаладағы ең үлкен ауруханалардың бірі  Насер  ауруханасы мен басқа да ауруханалар, соның ішінде «Әл-Амал» төңірегінде жалғасуда.  Аурухана әуеден бомбалау астында жатыр.

"Әл-Арабия" желісі де бүгін таңертең Хан Юнистің батыс аудандарында, Насер ауруханасының айналасында, Австрия кварталының оңтүстік аймағында және Иордания далалық ауруханасында қарсыласу күштері басқыншылардың қақтығысып жатқанын хабарлады.

Саяси деңгейде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби сәрсенбіде президент Байденнің Таяу Шығыстағы кеңесшісі Тель-Авив пен ХАМАС арасында тұтқын алмасу құжатына қол қою мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізу үшін Дохаға келгенін хабарлады.

Бұл Макгерктің осы айда тұтқындарды алмасу мәселесін талқылау үшін Дохаға екінші сапары. Ол осы мақсатпен 9 қаңтарда Катарға барған болатын.