Газада шәһидтер саны артты
(last modified Sat, 27 Jan 2024 13:26:26 GMT )
Қаң 27, 2024 19:26 Asia/Almaty
  • Газада шәһидтер саны артты

Газа Денсаулық сақтау министрлігі палестиналық шәһид санының 26 ​​мың 250-ден асқанын, жараланғандардың санының 64 мың 797-ге жеткенін хабарлады.

 

Бұл мәлімдемеде Израиль режимі армиясының соңғы 24 сағатта Газада 18 жаппай өлтіру жасағаны, нәтижесінде 174 адамның шәһид болғаны және 310 адамның жараланғаны атап көрсетілді.

Осы мәлімдемемен бір мезгілде «Әл-Джазира» арнасының Газадағы тілшісіне сілтеме жасап хабарлауынша, Израиль күштері Газадағы палестиналық байланыс компаниясының қызметкерлерін интернет желілерін жөндеуге әрекеттеніп жатқан кезде нысанаға алды.

Газа секторындағы соғыс басталғаннан бері Израиль армиясының шабуылдарынан кейін бұл аймақта кемінде 10 рет интернет толығымен өшірілді.

Газада соғыс басталғаннан бері 113 күн өтті және Палестина қарсыласу күштері мен Израиль армиясы арасындағы қақтығыс Газаның әртүрлі аймақтарында жалғасуда.