Йемен армиясы америкалық эсминецті нысанаға алғанын хабарлады
Қаң 31, 2024 22:07 Asia/Almaty
Йемен армиясы Қызыл теңізде америкалық USS Grifley эсминецін бірнеше зымыранмен нысанаға алғанын хабарлады.
Сана бұл операцияны Палестина халқына қолдау көрсету және Америка мен Ұлыбританияның Йеменге басып кіруіне жауап ретінде жариялады. Америка мен Англия теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету сылтауымен Йеменге шамамен 20 күн бұрын шабуыл жасады.
Йемен армиясы Қызыл теңіздегі барлық американдық және британдық кемелердің Йемен күштерінің нысаналарының тізімінде екенін жариялады. Сана сонымен қатар Газаға қарсы агрессия жалғасқанша Йеменнің басып алынған жерлерге баратын кемелерге қарсы операцияларының жалғасатынын баса айтты.