Палестина қарсыласу жетекшілеріне АҚШ-қа кіруіне тыйым салынғаннан кейін ХАМАС мәлімдеме жасады
ХАМАС кеше 1 ақпан күні түнде жасаған мәлімдемесінде АҚШ Өкілдер палатасының Палестинаны азат ету ұйымы мүшелері мен Палестина қарсыласу жетекшілерінің елге кіруіне тыйым салу жоспарын айыптап, Вашингтонды Тель-Авивтің қылмыстарында серіктес деп сипаттады.
АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы сәрсенбі күні Палестинаны азат ету ұйымының барлық мүшелеріне бұл елге кіруге тыйым салатын жоспарды бекітті.
ХАМАС мәлімдемесінің басқа бір бөлігінде: "Осы елдің Өкілдер палатасында Азат ету ұйымына қатысы бар палестиналықтардың және палестиналық топтардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салу жоспарының саяси көзқарастары мен тенденцияларына байланысты мақұлдануын айыптаймыз және оны қарсы дұшпандық шешім деп санаймыз. Бұл Байден үкіметінің Палестина елі және осы халыққа қысым көрсету тәсілінің жалғасуы деп білеміз",- деп айтылды.