Газадағы шәһидтердің саны 27 685 адамға артты
(last modified Tue, 06 Feb 2024 15:51:24 GMT )
Ақп 06, 2024 21:51 Asia/Almaty
  • Газадағы шәһидтердің саны 27 685 адамға артты

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы доктор Ашраф әл-Қадара бүгін  бұл аймақтағы 123 күндік соғыстан кейін шәһид санының 27 685-ке, жаралылардың 66 978-ге жеткенін хабарлады.

 

Ол Израиль басқыншы армиясының соңғы 24 сағатта 12 жаңа қылмыс жасағанын, бұл қылмыста 107 адамның шәһид болып, 143 адамның жараланғанын айтты. Сонымен бірге жеті мыңнан астам адам әлі із-түзсіз жоғалып, үйінді астында жатыр.

Палестиналық дереккөздердің хабарлауынша, кеше түннен бүгінге дейінгі шабуылдар Хан Юнус және Дейр әл-Балах қалаларында шоғырланған және бір уақытта Газа қаласының батысында да қызу қақтығыстар орын алған.

Израиль Соғыс министрі Йоав Галлант та бұл режим армиясының Газаның оңтүстігіндегі Рафахқа қарай жылжуды жоспарлап отырғанын айтты. Ол баспасөз мәслихатында Израиль армиясының Хан-Юнистегі туннельдердің ішінде соғыстар тарихындағы ең күрделі соғысты жүргізіп жатқанын айтты. Йоав Галланттың айтуынша, ХАМАС Хан Юнисті жеңілу алдында тұр.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясының эвакуациялау бұйрығынан зардап шеккен аймақтарда 7 қазанда соғыс басталғанға дейін 1,8 миллионнан астам палестиналық немесе бүкіл Газа секторының 77 пайызы тұратын.

Сионистік режим ХАМАС күштері мен ХАМАСқа қатысты инфрақұрылымдарды іздеп жатыр деген сылтаумен бейбіт тұрғындарды өлтіру жауапкершілігінен үнемі қашып келеді.