ХАМАС: Аймақта тұрақтылық орнатудың жалғыз жолы – астанасы Құдс болатын Палестина мемлекетін құру
(last modified Thu, 08 Feb 2024 12:49:39 GMT )
Ақп 08, 2024 18:49 Asia/Almaty
  • ХАМАС: Аймақта тұрақтылық орнатудың жалғыз жолы – астанасы  Құдс болатын Палестина мемлекетін құру

ХАМАС басшыларының бірі Усама Хамдан: "Сионистік режимнің Газаға шабуылдары халықаралық қауымдастықтың оны тоқтатуға қауқарсыз екенін және әлемде екіжақты критерийлердің барын ашық көрсетті",-деді.

Ол өзінің жалғасында: "Газа тұрғындарының көбі дәрі-дәрмек пен азық-түлікке зәру. 124 күндік соғыстан кейінгі гуманитарлық жағдай сионистік режимнің мақсатсыз бомбалаулары салдарынан ушығып барады",-деді.

Усама Хамдан: "Израиль басшылары соғысты ұзартып, сионистердің қоғамдық пікірін  адастыруды көздейді",-деді.

Усама Хамдан: "Аймақта тұрақтылық орнатудың жалғыз жолы – астанасы Құдс болатын Палестина мемлекетін құру",-деді.

ХАМАС басшыларының бірі: "ХАМАС-тан бір топ Мысыр мен Катар ұсынған атысты тоқтату бітімінің жобасын қарастыру мақсатында Каирге барады",-деді.

Израиль басшысы "Аксиос" сайтына берген сұхбатында: "Израиль Премьер-министрі  Беньямин Нетаньяхудың соғыс кабинеті ХАМАС-тың атысты тоқтату бітімі туралы ұсынысын қабылдамауы мүмкін",-деді.