Катар Әмірі: Теһран мен Доханың қарым-қатынастары ешқашан бір-біріне қазіргідей жақын болмаған
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан бүгін таңертең (сейсенбі) Катарға сапары барысында осы елдің Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен кездесіп, сөйлесті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Амирабдуллахиан Раисидің Катар Әміріне сәлем жолдауында екі елдің әртүрлі салалардағы қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарын өте жақсы деп сипаттап: «Екі ел президенттерінің кездесуінде жасалған келісімдердің толық орындалуы Иран мен Катар арасындағы достық және бауырластық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға негіз болады",- деді. Амирабдуллахиан Американың Газа дағдарысына қатысты көзқарасын және бұл елдің аймақтағы соғыс ауқымын кеңейтуді қаламайтынын екіжақты және қарама-қайшы деп бағалап: «Йеменге қарсы әскери шабуыл мен Ирак пен Сириядағы әскери шабуылдар Израиль режимінің жаугершілік әрекеттерін толық қолдаумен бір мезгілде АҚШ үкіметінің уәждеріне қайшы келеді",- деп айтты.
Катар Әмірі осы кездесуге ризадлығын білдіріп, доктор Раисиге жылы лебізін жеткізіп, Иран мен Катар арасындағы достық және бауырластық қарым-қатынастардың тереңдігіне тоқталып: «Екі елдің қарым-қатынасы бұрын-соңды бір-біріне жақын болмаған және бұл сіз бен біздің екі ел арасындағы достық және сындарлы қарым-қатынастарды ілгерілетуде табысты болғанымызды көрсетеді",- деді.