Газа соғысы басталғалы бері сионистер арасында психикалық проблемалар күшейді
(last modified Mon, 19 Feb 2024 11:56:57 GMT )
Ақп 19, 2024 17:56 Asia/Almaty
  • Газа соғысы басталғалы бері сионистер арасында психикалық проблемалар күшейді

Сионистік режимнің Телерадио бірлестігі жексенбі күні кешке: "Газа соғысы басталғалы бері Израильде психикалық проблемалар көбейіп, ұйықтатын және тыныштандыратын дәрілер мен есірткі заттарын пайдалану күшейді",-деп мойындады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сионистік режимнің бір ақпарат құралы: "Статистика бойынша Израильде ұйықтатын және тыныштандыратын дәрілер мен есірткі заттарын пайдалану үш есе артты",-деді.  

Осы мәлімет бойынша, өз үйлерін тастап кеткен адамдар арасында есірткі заттарын пайдалану көбейді. Өз үйлерін тастап кеткен адамдардың 33 пайызы есірткі заттарын пайдаланады.

Бір сионистік газеттің ескертуінше, сионистік режим армиясының запастағы әскерилерінің көбі Газа соғысынан қайтқаннан кейін психологиялық көмекке зәру болады.  

Израиль ақпарат құралдарының жексенбі күні хабарлауынша, Ливанмен шекаралас басып алынған Палестинаның солтүстігіндегі қалашықтардың шамамен 3 мың тұрғыны Хизбулланың шабуылдарынан қорқып, өз үйлеріне қайтқысы келмейді.

Тель-Авив ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің солтүстігіндегі Кирьят-Шмона қалашығының тұрғындары өз үйлеріне қайтқысы келмейді.

Кирьят-Шмона – Газа соғысы барысында сан рет Ливан Хизбулласы тарапынан зымырандық шабуылға ұшыраған аудандардың бірі.  

Тегтер