Газа секторында 7 палестиналық бала аштан өлді
Палестина үкіметінің Газа секторындағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы секторда 7 палестиналық бала дұрыс тамақтанбау салдарынан қайтыс болды.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Палестина үкіметінің Газа секторындағы баспасөз қызметі өз мәлімдемесінде секторды қоршап, соғысты жалғастырған жағдайда ауданда гуманитарлық апат болатынын айтып: "АҚШ үкіметі Газа секторындағы жұт пен аштыққа жауапты",-деді.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Ашраф әл-Қадраның айтуынша, Израильдің геноцид жасаушы армиясы 7 қазанда соғыс бастағалы бері Газа секторында 150 медициналық орталықты қиратып, 32 аурухананы бомбалап, толық істен шығарды.
Ашраф әл-Қадра Газа секторында 1 млн-нан аса адамның дұрыс тамақтанбайтынын айтып: "Сионистік режим Газа секторының солтүстігіне медициналық құрал-жабдықтар мен жанар-жағармай кіргізуге рұқсат бермей отыр",-деді.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз өкілі Газа секторының солтүстігінде мүмкіндік болмағандықтан медициналық қызмет көрсетілмейтінін айтып: "Рафахта қазір 3 аурухана ғана жұмыс істеп тұр. Бірақ жараланғандардың көптігінен қызмет көрсете алмайды",-деді.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, сионистік режимнің Газаға қарсы шабуылдары басталғалы бері 29606 палестиналық қаза тауып, 69737 адам жараланды.