Палестинада 132 тілші қаза тапты
(last modified Sun, 25 Feb 2024 15:26:53 GMT )
Ақп 25, 2024 21:26 Asia/Almaty
  • Палестинада 132 тілші қаза тапты

Шәһид болған екі тілшіні қосқанда сионистік режим Газа секторына қарсы соғыс бастағалы бері қаза тапқан тілшілер саны 132 адамға жетті.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Дари радиосының хабарлауынша, палестиналық тілші әрі фотограф Мұхаммед Ташрин Яғи әйел-баласымен бірге сионистік режим армиясының қырғи ұшақтарының Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан Дейр ул-Балхтағы әл-Ақса ауруханасына жасаған шабуылдарында қаза тапты.   

Сондай-ақ Палестинаның Құран радиосының тілшісі әрі дикторы Масаб Абу Заид Газа секторының орталық бөлігінде орналасқан әл-Насират лагерінде бір үйдің бомбалануы салдарынан жанұясымен бірге қаза тапты.

Бұған дейін сионистік режимнің Газаға шабуылдарынан қаза тапқан тілшілер саны 130 адам деп жарияланды.

Катардың Халықаралық ынтымақтастық министрі Лулу әл-Хатир өткен аптада  Израильдің тілшілерді нысанаға алуда рекорд жасағанын айтып: "Халықаралық қауымдастық сионистік режимнің Газадағы қылмыстарына үнсіз қалып отырғанда басқыншылар халықты жаппай қыруды жалғастырып жатыр",-деді.