Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Рафахтың шығысындағы бір тұрғын үйге шабуыл жасады
https://itolqyn.com/news/west_asia-i76242-Сионистік_режимнің_қырғи_ұшақтары_Рафахтың_шығысындағы_бір_тұрғын_үйге_шабуыл_жасады
Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Рафахтың шығысындағы бір тұрғын үйге шабуыл жасады, соның салдарынан кемінде 15 адам, соның ішінде 6 бала қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 03, 2024 20:05 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Рафахтың шығысындағы бір тұрғын үйге шабуыл жасады

Сионистік режимнің қырғи ұшақтары Рафахтың шығысындағы бір тұрғын үйге шабуыл жасады, соның салдарынан кемінде 15 адам, соның ішінде 6 бала қаза тауып, бірнеше адам жараланды.

Осы шабуылда қаза тапқандар арасында жаңа туған палестиналық егіздер де бар. Ата-анасы оларды 11 жыл күткен екен.

Сондай-ақ "әл-Наджар" ауруханасында сионистік режим қырғи ұшақтарының бомбалауынан қорқып, есеңгіреген жаралы палестиналық балалардың суреттері таралды.

Сионистердің Джебалия қаласындағы бір тұрғын үйге әуеден жасаған шабуылында 10 палестиналық қаза тапты. Олардың көбі – бір жанұя мүшелері.  

Газаның түрлі аудандарын бомбалаумен қоса, сионистік әскерилер Хан-Юнестегі әл-Қарара мен Хамд аудандарында бірнеше палестиналықты оққа ұшырды. Сионистік режим армиясы Дейр ул-Балхта әл-Бұхари мешітін қиратты.