Йеменнің Ансаролла қозғалысы: АҚШ әлем халықтарының ұялуына себеп болып отыр
(last modified Fri, 08 Mar 2024 15:55:22 GMT )
Нау 08, 2024 21:55 Asia/Almaty
  • Йеменнің Ансаролла қозғалысы: АҚШ әлем халықтарының ұялуына себеп болып отыр

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сейіт Әбдімәлік Бәдреддин әл-Хуси бейсенбі күні аймақ пен Газа секторындағы соңғы өзгерістерге тоқталып: "АҚШ сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарында басты рөл ойнайды. Газадағы геноцид – адамзатқа қарсы қылмыс және бүкіл адам баласы үшін ұят нәрсе",-деді.

Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: "Израиль мен АҚШ-тың Газа секторындағы Палестина халқына қарсы әскери шабуылдары әлі де жалғасып жатыр. Геноцидтің барлық құралдарымен қатыгез қатынас көрсету күн тәртібіне қойылған",-деді.  

Әбдімәлік Бәдреддин: "Газа секторында қауіпсіз жер қалмады. Барлық жер сионистік режимнің тыйым салынған қаруларының нысанасына алынған. Газадағы қылмыстарға көз жұма қарау – халықаралық қауымдастық үшін өте ұят",-деді.

Ансаролла қозғалысының бас хатшысы: "АҚШ Израиль режиміне Газа секторында геноцидті жалғастыруы үшін ондаған тонна қару берді. Басқа жағынан осы секторға құрлықтан және теңізден гуманитарлық көмектердің кіргізілуіне тосқауыл қойды",-деді.

Әбдімәлік Бәдреддин: "Сионистік режим Газа секторында көздеген мақсаттарына жетуге қауқарсыз болып отыр. Олар Палестинаның қарсыласу күштерін жеңе алмады",-деді.