Израиль Салманы өлтірді
(last modified Wed, 13 Mar 2024 15:58:19 GMT )
Нау 13, 2024 21:58 Asia/Almaty
  • Израиль Салманы өлтірді

Палестиналық 4 жасар қыз  бала Салма Джабер сионистік режимнің Газадағы агрессиясының жаңа кезеңінде шәһид болған мыңдаған шәһид баланың бірі.

Салманың әкесі  2023 жылдың желтоқсанында Салманың Газа қаласынан қашпақ болған кезде мойнынан жараланып, қолында қайтыс болғанын айтты.

 

Салма Джабер

Хұсейн Джабер қызының шәһид болғаны  туралы былай деді"Менің отбасым тұрғын ауданнан қашып бара жатыр еді, көз алдымда Салманың мойнына оқ тигенін көрдім. Ол қатты қиналады, бірақ жүгіре берді. Мен оны құшақтап көлікке апару үшін оған қарай жүгірдім. Әйелім мен балаларым Омар мен Сара да жүгіре берді.

Салманың әкесі Хұсейн Джабер қызының қалай шейіт болғанын айтып берді

Салма қайда барса, қуаныш сол жерге келгенін айтып, Хұсейн Джабер Омар, "менің үш жасар ұлым әлі күнге дейін "Салма қайда ?" деп сұрайды" деді.

шәһид Салма, 4 жаста
Сара мен Омар, Салманың апасы мен інісі


БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» Балалар қорының баспасөз өкілі Джеймс Элдар  кеше Газа секторындағы соғыс, аштық және тамақтанбаудан ең көп зардап шегетін балалардың екенін атап: «Газадағы трагедияларды сипаттауға лайықты сөз жоқ",- деді.

Израиль режимі 2023 жылдың қазан айынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаппай қырғын бастадыСоңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 31 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 72 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері палестиналықтарды геноцидке ұшыратып, олардың бүкіл жерін басып алу үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.