Түркияға лаңкестермен мұнай саудасын жасап отыр деген айып тағылды
(last modified Tue, 17 May 2016 15:21:21 GMT )
Maм 17, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Түркияға лаңкестермен мұнай саудасын жасап отыр деген айып тағылды

Ресей Сыртқы істер министрі Түркияға лаңкестік топтармен мұнай саудасынан пайда көріп отыр деген айып тақты.

Сергей Лавров Түркияның лаңкестік топтармен заңсыз мұнай саудасына кіріскенін, олардың өз шекарасындағы әрекеттеріне көзжұмбайлық танытып отырғанын көрсететін айғақтардың бар екендігін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында Сирия және Иракпен көршілес кейбір елдердің ДАИШ лаңкестік тобына қолдау көрсетуін жалғастырып отырғанын хабарлады.

Түркияға Сирия дағдарысының басынан ДАИШ сияқты лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп отыр деп талай рет айып тағылды.