Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың жағдайы ауыр
Израильдің Эцион түрмесіндегі палестиналық тұтқындар жаулап алынған жерлерде күннің қатты ыстық болуына байланысты өздерінің апатты жағдайда екендіктерін хабарлады.
«Құдс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Эцион түрмесіндегі палестиналық тұтқындардың қорғаушы адвокаты Жаклин Ферарже Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың қиын жағдайына сілтеме жасап: "Жаулап алынған Палестинада күннің қатты ыстығы тұтқындарды қиын жағдайға душар етіп отырған жағдайда сионистік режим палестиналық тұтқындарға салқындатқыш құралдар беруден бас тартып отыр. Сионистер палестиналық тұтқындарды металдан жасалған контейнерлерге қамап ұстап отыр. Онда сырттан ауа кіретін кішкентай бір тесіктен басқа ештеңе болмағандықтан температура ұлғайған кезде оның ішін тандыр пешке айналады" деді.
Палестиналық тұтқындардың қорғаушы адвокаты тұтқындардың азапталуына және олардың түрменің сионист күзетшілері тарапынан соққыға жығылуына сілтеме жасап: "Израиль түрмелері басқармасы кейбір шараларды қолданып, атап айтқанда тұтқындарды денсаулық сақтау және емдеу қызметтерінен мақұрым етіп, бір орыннан келесі бір орынға ауыстыру үшін түнде баса-көктеп кіру арқылы палестиналық тұтқындардың құқықтарын бұзады" деді.
Палестиналық тұтқындар қоғамының мәлімдеуінше, сионистік режимнің түрмелерінде шамамен 7 мың палестиналық тұтқын ең болмашы адами құқықтардан мақұрым қалып, адам төзгісіз жағдайда күн кешуде.