Шиит Йеменнің сүннит Хамасты қорғауы бірліктің практикалық үлгісі болып табылады
(last modified Fri, 17 May 2024 11:06:16 GMT )
Maм 17, 2024 17:06 Asia/Almaty
  • Шиит Йеменнің сүннит Хамасты қорғауы бірліктің практикалық үлгісі болып табылады

Қасиетті Құдс Азаттық белсенділері ассамблеясының бас хатшысы: "Бүгін бақытымызға орай, шииттер мен сунниттердің арасында бірлік іс жүзінде қалыптасты. Шиит Йемен сүннит Хамасты қорғайды",- деді.

 

Иран президенттік мекемесінің Ислам революциясын қолдау комитетінің басшысы аятолла Мұхаммад Хасан Ахтари, Иран Сыртқы істер министрінің мәдени кеңесшісі және қасиетті Құдс еркіндік белсенділері ассамблеясының бас хатшысы Мейсам Амруди, Амал ливан қозғалысының Ирандағы өкілі Салах Фасс және Палестина мәселесіне қатысты белсенді тұлғалар тобы қатысуымен Теһрандағы Қасиетті қорғаныс мұражай  бағында  «Палестина мәдени апталығы/басқыншылыққа қарсы 76 жыл» көрмесі ашылды.

 

Шиит пен суннит арасында бірлік іс жүзінде қалыптасты

Иран Сыртқы істер министрінің мәдени кеңесшісі және Құдс  еркіндігі белсенділері қауымдастығының бас хатшысы Мейсам Амруди, осы конференцияда былай деді: «Біз бүгінге дейін 35 мыңнан астам адамнан айырылғанымызға қатты өкінеміз, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар және олар жантүршігерлік жолмен шәһид болды. Бүгінде біз Газада адамдардың өмір сүру, денсаулық және білім алу құқығынан айыратын көріністердің жасалғанына куә болып отырмыз және БҰҰ Бас хатшысының айтуынша, бұл аймақ «шатырсыз түрмеге» айналды.

Иран Сыртқы істер министрінің мәдени кеңесшісі және Құдс  еркіндігі белсенділері қауымдастығының бас хатшысы Мейсам Амруди

 

Бүгін Газада қырғын орын алды, ол үшін алдағы 100 жылда романдар мен хикаялар жазылуы мүмкін. Әрине, егер тарих сионистік медиа империясының астынан шыға алса».

Ол сөзің жалғасында: «Бүгінде, бақытымызға орай, шииттер мен сунниттердің арасындағы бірлік шын мәнінде қалыптасты, шиит Йемен сунниттік Хамасты қорғайды және бүгін Құранның орындалуын бақылап отырмыз.

Олай болса, біз мұсылмандар, егер біз бірлікте болсақ, Америка мен Израиль бізге қиындық тудырмайтынын білуіміз керек. Сионистік режиммен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру процесі аяқталып, Америка Израильді қолдау үшін басып алынған Палестина жерлеріне тікелей ұшақтарын ұшыруға мәжбүр. «Шын уәде» операциясына дейін ешкім Израильді нысанаға ала алмады, енді бұл операция үлкен жеңіс. Бұл операция сионистік режимнің даңқын сындырды. Бүгінде Американың Ливанның Хезболласымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болғанын көріп отырмыз»,- деп айтты.

 

Дереккөз: Mehr ақпараттық агенттігі