Батыс Азиядағы оқиғаларға шолу: Израиль нацистерден де жаман; Еуропаның болашағы Палестинаға байланысты
(last modified Wed, 29 May 2024 12:26:35 GMT )
Maм 29, 2024 18:26 Asia/Almaty
  • Батыс Азиядағы оқиғаларға шолу: Израиль нацистерден де жаман; Еуропаның болашағы Палестинаға байланысты

Сионистік YNet веб-сайты Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың Pfizer вакциналарына қатысты жаңа жанжалға тап болғанын хабарлады.

АҚШ  пен Ұлыбританияның Йеменге шабуылы, басып алынған аумақтардағы Pfizer вакциналарының тарихы, сионистердің БҰҰ-ның қара тізіміне енуінен қорқуы, Франция басылымының Еуропалық Одақтың ислам елдеріндегі сенімін жоғалтуы және Израильдің Газаға шабуылдарының жалғасуы туралы ескертуі Батыс Азияның соңғы сағаттардағы жаңалықтарының қатарында.  

Америка мен Ұлыбритания Йеменге тағы да шабуыл жасады

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, америкалық және британдық қырғи ұшақтар сейсенбі күні түнде Израильге қолдау көрсету мақсатында Йеменді қайта бомбалады. Йемендік ақпарат көздерінің хабарлауынша, Йеменнің батысындағы Ходейда провинциясының батысындағы  Әл-Джаббана  аймағы шабуылдың нысанасына алынған.

Йемен Израильдің Газаға шабуылдары басталғаннан бері Израиль жақтастарына қарсы теңіз эмбаргосын енгізді.

Нетаньяху үшін жаңа жанжал; Pfizer вакциналарының тарихы қандай?

Кеше сейсенбіде Ynet жаңалықтар сайты басып алынған Палестинадағы реттеуші органдардың тергеуі Израиль премьер-министрінің оккупацияланған аумақтардағы коронавирус вакцинасын таратуды министрлер кабинетінің рұқсатынсыз американдық Pfizer компаниясына бергенін көрсеткенін хабарлады. 

Тель-Авив БҰҰ-ның қара тізіміне ену қаупіне алаңдауда

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымының «қара тізіміне» енгізілгені туралы қауесеттерден кейін сионистік ақпарат көздері бұл режимнің палестиналық балалардың өлтірілуінен кейін БҰҰ-ның бұл режимге қарсы санкцияларының салынуының алдын алу үшін күшті талпыныстарын жариялады.

Палестина үкіметінің Газадағы баспасөз кеңсесінің мәліметі бойынша, Израильдің Газаға жаңа шабуылдары басталғаннан бері 2023 жылдың 7 қазанынан бастап 15 мыңнан астам палестиналық бала сионистер қолынан шәһид болды.

Француз басылымы: Еуропаның болашағы Палестинада анықталады

Францияның «Nouvelle Obs» басылымы өз есебінде: «Егер Еуропалық Одақ өзінің әлсіздігі мен бөлінуін жеңе алмаса және Газада атысты тоқтатуды және Иордан өзенінің батыс жағалауында зорлық-зомбылық пен отаршылдықты тоқтата алмаса, көптеген ислам елдері мен «Оңтүстік әлем» алдындағы беделін жоғалтады",- деп жазды.

 Еуропаның болашағының Палестинада белгіленетініне тоқталған «Nouvelle Obs» газеті: «Оқшауланған және жау елдермен қоршалған бұл әлсіз Еуропаның болашағы қараңғы болуы мүмкін»,- деп мәлімдеді.

Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда

Палестина үкіметінің Газадағы ақпарат кеңсесі сейсенбі күні кешке басқыншы Израиль армиясының Рафах қаласының батысындағы өздері қауіпсіз деп жариялаған босқындардың шатырларын бомбалауының өткен 48 сағатта 72 палестиналық босқынды өлтіргенін хабарлады.

Сейед Хасан Насралла: Израиль нацистерден де жаман

Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла сейсенбі күні кешке Израиль басқыншыларының Газадағы қылмыстарына тоқталып: "Рафахтағы қырғын дұшпанның жауыздығын, қорқақтығын және сатқындығын көрсетеді",- деп мәлімдеді.

Сейед Хасан Насролла: "Біз ешқандай құндылықтарға немесе моральға сенбейтін және нацистерден де жаман жаумен бетпе-бет келіп отырмыз",- деп баса айтты.

Басқа жаңалықтар тақырыптары:

Ирак жасанды интеллект саласында Иранмен ынтымақтастық етуді көздейді

ХАМАС: Израиль келіссөздер туралы өтірік айтады  

Атван: Египет Газа халқын қолдау үшін әрекет етуі керек / Израиль тек күш тілін түсінеді

Ирак Жоғарғы Ислам Мәжілісінің баспасөз хатшысы: Шәһид Амирабдуллахиан Палестина халқының үні болды.

Палестина исламдық жиһад қозғалысының Теһрандағы өкілі: Иран Палестина халқы мен қарсыласуының жалғыз қолдаушысы