Израильдіктер Facebook желісінде афроамерикалықтардың атын жамылып мұсылмандарға шабуыл жасады
(last modified Tue, 04 Jun 2024 12:06:07 GMT )
Маусым 04, 2024 18:06 Asia/Almaty
  • Израильдіктер Facebook желісінде афроамерикалықтардың атын жамылып мұсылмандарға шабуыл жасады

Мета зерттеушілері осы уақытқа дейін Израильдің үгіт-насихат әрекеттерімен байланысты 510 Facebook аккаунтын, 11 парақшаны, 32 Instagram аккаунтын және бір топты анықтады.

Pars Today агенттігінің Endgadget сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Meta Facebook және Instagram платформаларында инфильтрациялық науқан жүргізу үшін жалған Facebook аккаунттарын пайдаланған израильдік маркетингтік компанияны анықтағанын хабарлады. Израильдің бұл науқаны Америка Құрама Штаттары мен Канададағы аудиториялар мен пайдаланушыларға бағытталған және Израильдің палестиналықтарға қарсы соғысы туралы жалған мазмұнды жариялады.

Аккаунттар өздерін еврей студенттері, афроамерикалықтар, сондай-ақ мүдделі азаматтар деп атады және Израильдің әскери әрекеттерін мадақтайтын жазбалармен бөлісті, БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек және жұмыс жөніндегі агенттігі (UNRWA) сияқты Израильді сынайтын мекемелерге шабуыл жасады.

Мета таратқан ақпаратқа сәйкес, олар Канададағы исламофобияға қатысты көзқарастармен бөлісіп, мұсылмандарды либералдардың жауы етіп көрсеткен.

Кейінгі зерттеулерге сәйкес, олар Израильдің STOIC компаниясымен бірлесіп X Network және YouTube сайттарында белсенді болды және Израильдің ХАМАС-пен соғысы мен Израильдің Таяу Шығыстағы саясатына назар аударатын веб-сайттарды басқарды. Бұл есеп сондай-ақ бұл аккаунттардың артында тұрған адамдар саясаткерлердің, БАҚ ұйымдарының және басқа да қоғам қайраткерлерінің парақшаларына жаппай пікір жазу арқылы психологиялық қысым жасайтынын көрсетеді.