Маусым 07, 2024 19:08 Asia/Almaty
  • Батыс Азия жаңалықтарына шолу

Палестиналықтардың лагерін америкалық оқ-дәрімен бомбалаудан бастап Араб ұлттық конгресінің Иранға алғыс айтуына дейін

Палестиналық босқындар мектебінің америкалық оқ-дәрілермен бомбалануы, Израиль өкілінің сөз сөйлеген кезінде Халықаралық еңбек конференциясына қатысушылардың залдан шығып кетуі, Араб ұлттық конгресінің Иранның Палестинаға қолдау көрсетудегі рөліне алғыс айтуы, Йемен армиясы мен Ирак қарсыласу күштерінің Израильге қарсы бірлескен операциясы, Сирия армиясының ДАИШ-тен қалған элементтерден тазарту бойынша ірі операциясының басталуы және миллиондаған йемендіктің Палестинаны қолдауға бағытталған шеруі – осының бәрі соңғы сағаттарда болған Батыс Азия жаңалықтарының қатарында. 

Ресей СІМ баспасөз хатшысының көзінен жас шығарған  қиыншылықтар

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей СІМ баспасөз хатшысы Газадағы палестиналық аналар мен балалардың көріп жатқан азабын баяндауда сезімге ерік беріп, жылап жіберді.

2023 жылы 7 қазанда Израиль Газаға жаңа шабуылдар толқынын бастағалы бері сионистер 15000 палестиналық баланы өлтірді.

CNN: Палестиналық босқындар мектебі америкалық оқ-дәрілермен бомбаланды

CNN арнасы сионистік режимнің ән-Насират лагеріндегі бір мектепті бомбалағаны түсірілген видеоларды талдай келіп, бұл қылмыстың да АҚШ-та шығарылған қару-жарақтармен жасалғанын айтты.

Израиль өкілі сөз сөйлеген кезде Халықаралық еңбек конференциясына қатысушылар залдан шығып кетті.

Al-Alam ақпарат арнасының хабарлауынша, Палестинаға арналған конференцияда Израиль өкілі сөз сөйлеп жатқан кезде Халықаралық еңбек ұйымына мүше елдердің делегацияларының басып бөлігі залдан шығып кетті.

Йемен армиясы мен Ирак қарсыласу күштерінің Израильге қарсы бірлескен операциясы

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Йемен Қарулы күштерінің баспасөз өкілі Яхия Сари жұма күні таңертең Ирак қарсыласу күштерімен бірге Хайфа айлағында Израильге қарсы екі операция жүргізілгенін хабарлады.

Сирия армиясы ДАИШ-тен қалған элементтерден тазарту бойынша ірі операция бастады

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сирия армиясы бейсенбі күні таңертеңнен бастап Ресейдің әуеден қолдауы арқасында елдің шығысында орналасқан Дейр-оз-Зор облысындағы шөл даланы ДАИШ-тен қалған элементтерден тазарту бойынша ірі операция бастады.

Миллиондаған йемендік Палестинаны қолдауға бағытталған шеру өткізді.

Йемендіктер жұма күні 34-ші апта қатарынан "Газамен... мүмкіндіктерді дамыту және операцияларды күшейту" деген ұранмен Сағда, Рима, Маариб, Умран, Еб, Тааз және Хаджа облыстарының кейбір  аудандарында шеру өткізді. Йемендіктердің сенімінше, сионистік режим Газаға шабуылдарын тоқтатпаса, Израильдің нысандары мен орталықтарына шабуыл жалғаса береді.

Араб ұлттық конгресі Иранға Палестинаға қолдау көрсетудегі рөлі үшін алғыс айтты  

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Араб ұлттық конгресі Бейруттегі жиналысында "әл-Ақса дауылы" операциясының араб-сионистік қақтығыста жаңа шындық тудырғанын айтып, қарсыласу күштерінің Газаны қолдап отырғанына және ИИР-дің Палестина халқы мен қарсыласу күштерін қорғаудағы рөліне ризалық білдірді.      

Тегтер