Маусым 11, 2024 16:50 Asia/Almaty
  • Нусейраттағы қылмыстарға жауап ретінде Йемен әскери күштері британдық эсминец пен Израильдің 2 кемесін нысанаға алды

Йемен Қарулы күштері баспасөз хатшысы баллистикалық зымырандармен екі операция кезінде Қызыл теңіздегі Ұлыбритания әскери-теңіз күштерінің эсминеці мен сионистік режимге қатысы бар екі кеменің нысанаға алынғанын хабарлады.

Йемен Қарулы күштері баспасөз хатшысы бригада генералы Яхья Сари жексенбі күні: «Британ теңіз күштеріне тиесілі HMS Diamond жойғышы мен Қызыл теңіздегі сионистік дұшпанға қатысты екі кемені баллистикалық зымырандармен нысанаға алдық. Бұл әрекеттің мақсаты - қысым көрген Палестина халқына көмектесу және Газа орталығындағы Әл-Нусейрат лагерінде палестиналықтардың өлтірілуіне жауап беру. Қызыл теңізде бірлескен екі операцияда Norderney кемесі өртеніп, MSC Tavvishi кемесі де нысанаға алынды. Ресми мәлімдеме мен директиваға сәйкес, бұл екі кеме Израиль режимінің порттарына қозғалысқа тыйым салуды бұзған. Бұл екі операцияны Йемен Әскери-теңіз күштері, зымырандық бөлімшесі және ұшқышсыз ұшу аппараты теңіз зымырандары, баллистикалық зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жүзеге асырды»,- деді. Ол сөзінің жалғасында: «Палестина халқына қатысты діни және моральдық борышымызды жалғастырамыз және Газа халқына қарсы агрессивті шабуылдар тоқтап, бұл аймақтағы қоршау жойылмайынша операцияларымыз жалғасады»,- деп баса айтты.

Тегтер