Шіл 03, 2024 17:40 Asia/Almaty
  • Иран Қазақстанға егіс алқаптарын суаратын заманауи технологиялар ұсынуға дайын

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен егіс алқаптарын суару, суармалы суды тасымалдау кезінде су шығынын азайту үшін тәжірибе және технологиялар алмасу мәселесін талқылады.

Атап айтқанда, ирандық компаниялар Қазақстанға жерасты суларын пайдаланатын заманауи суару жүйелерін, сондай-ақ суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суарудың автоматты қондырғыларын ұсынуға дайын.

«Бүгінде біз су қоймалары мен басқа да су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жұмысты бастадық. Иран компанияларының осы бағытта үлкен тәжірибесі бар, тиімді технологияларды дамытуда. Олардың кейбірі елімізде жұмыс істеп жатыр. Жамбыл, Түркістан облыстарында ирригациялық желілерді қайта жаңғырту жұмысы белсенді жүріп жатыр. Сондықтан ирандық кәсіпкерлерді су инфрақұрылымын салу мен жөндеуге арналған конкурстарға қатысу үшін елімізге шақырғым келеді», - деді министр Н.Нұржігітов.

 

Дереккөз: qazaqstantv

 

Тегтер