Шіл 04, 2024 20:19 Asia/Almaty
  • Ирандықтар Газа шәһидтерінің жанұяларын жылы қарсы алды

Теһранда ирандықтардың кең қатысуымен «Дауыл сахабалары» деп аталған Газа шәһидтері мен тірі қалғандар жанұяларының бір тобын қарсы алу рәсімі өтті.

Өткен сейсенбі күні  Теһран азаматтары Газа шәһидтерінің бір топ жанұясын «Израильге өлім», «Америкаға өлім» ұрандарын айтып, қарсыласу майданының туын көтеріп қарсы алды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні кешке Теһранның «Аббас Абад» туристік аймағында Газа шәһидтерінің бір топ жанұясының қатысуымен Палестинаның ең үлкен туы тігілген.

Төменде сіз осы рәсімнің суреттерін көре ұсынамыз:

 

 

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 37 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 85 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдықтың жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне көшуі арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын геноцидке ұшыратып, оның бүкіл жерін басып алу үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

ИИР бастаған бірқатар елдер Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы елдеріне оралуын шындап жақтайды.

Тегтер