Йемен Израильге тиесілі тағы 3 кемені зымыранмен нысанаға алды
(last modified Sat, 15 Jun 2024 11:03:47 GMT )
Маусым 15, 2024 17:03 Asia/Almaty
  • Йемен Израильге тиесілі тағы 3 кемені зымыранмен нысанаға алды

Йемен қарулы күштерінің баспасөз өкілі сионистік режимге қызмет ететін 3 кемеге өз елінің сәтті шабуыл жасағанын хабарлады.

Pars Today ақпарат агенттігінің мәліметінше, Яхья әл-Сари бейсенбі күні Йемен армиясының өткен тәулікте сионистік режимге қатысты кемелерге қарсы үш әскери операция жүргізіп, «Verbena», «Seaguardian» және «Athina» кемелерін зымырандармен және дрондармен нысанаға алынғанын хабарлады.

Газа соғысы басталғалы бері Йемен армиясының күштері мен халықтық комитеттері сионистердің қылмыстарына қарсы Палестина халқына қолдау көрсету үшін басып алынған аймақтарда тоқтап тұрған және сионистік режиммен сауда жасап жатқан кемелерді нысанаға алуда. Бұл Тель-Авив экономикасына ауыр шығын әкелді.