Израиль Газа босқындары арасында гепатиттің таралуын арттыруға тырысады
(last modified Sat, 22 Jun 2024 11:36:13 GMT )
Маусым 22, 2024 17:36 Asia/Almaty
  • Израиль Газа босқындары арасында гепатиттің таралуын арттыруға тырысады

Газа секторындағы аурухана көздері оккупацияның аймаққа жанармайдың кіруіне жол бермеуіне сілтеме жасай отырып, гепатит ауруының таралуы туралы ескертті.

 

Газа ауруханасының мейірбике ісі бөлімінің басшысы Салех әл-Хамс сионистік басқыншылардың Газа секторына жанармай әкелуге және бұл аймаққа медициналық құрал-жабдықтардың кіруіне тосқауыл қоюға қатаң шектеулер қойғанын хабарлады.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Аль-Хамс халықаралық ұйымдар ауруханаларға қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету үшін шара қолдануы керектігін мәлімдеді.

Сонымен бірге БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі басқармасы да сионистік күштердің Газа секторындағы соғыс заңдарының негізгі қағидаларын бұзғанын хабарлады. БҰҰ-на қарасты бұл кеңсе де басқыншылардың бейбіт тұрғындар арасында қару-жарақ пен жарылғыш заттарды қолданғанын жариялап: «Сионистік режим әскерилер мен бейбіт тұрғындар арасындағы айырмашылықты мойындамай, олардың барлығын осы қару-жарақ пен материалдармен жояды»,-  деп жариялады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ашраф әл-Қадрат жақында Газа секторындағы қиын жағдайға тоқталып: «Бұл аймақта 27 мың адам ластанған су мен тағамды тұтыну салдарынан А гепатитін жұқтырған. Басқыншы режим Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесін әдейі қиратып, ауруханаларға шабуыл жасау арқылы медициналық қызмет көрсетуге кедергі жасауда»,- деп баса айтты.

Сионистік режимнің Газа секторындағы геноцидінің өткен 8 айында және осы аймаққа азық-түлік, су, дәрі-дәрмек және жанар-жағармайдың кіруіне шектеу қоюы салдарынан Газа тұрғындары ашаршылықпен бетпе-бет келді.  Бұл аймақта балалар мен қарттардың өміріне қауіп төніп тұр. Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соғыста шәһид болғандар саны 37 мыңнан және жараланғандар саны 85 мыңнан асты.