Мысыр Нетаньяхуге Каирге сапармен келуге рұқсат бермеді
Ақп 14, 2016 23:05 Asia/Almaty
Каир сионистік режимнің үкімет басшысы Беньямин Нетаньяхудың жексенбі күнге жоспарлаған Мысыр сапарына осы режимнің Энергия министрі Юваль Штайництің мәлімдемесіне байланысты рұқсат бермеді.
Юваль Штайниц жуықта өзінің жанжал тудырған мәлімдемесінде "Мысыр армиясы Израильдің өтінішімен Газа секторындағы қарсыласу туннелдерін суға батырады" деген болатын. Мысыр басшылары Юваль Штайництің мәлімдемесіне ашу білдіріп, оны жалған деп атады.
Тегтер