ХАМАС күшейе түсті
(last modified Mon, 24 Jun 2024 14:50:29 GMT )
Маусым 24, 2024 20:50 Asia/Almaty
  • ХАМАС күшейе түсті

Палестина жастарының Хамасқа қосылуға деген құлшынысы артты.

Сионистік режимнің 9 ай бойы Газаға әуеден және құрлықтан шабуыл жасауы Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысын (ХАМАС) жеңбегені былай тұрсын, керісінше Тель-Авиві жойылып кетуге жақындата түсті.

Газа соғысы басталғалы бері Израиль 40 мыңнан аса әскеримен Газаның солтүстігі мен оңтүстігіне шабуыл жасап, 80 пайыз тұрғынды босқынға айналдырды, 37 мыңнан астам адамды шәһид етіп, Газаның үстіне кемінде 70 мыңнан астам бомба тастады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы шабуылдар барысында Газа секторының ғимараттарының жартысынынан көбі қиратылды, тұрғындардың су, азық-түлік пен электр қуатына қолжетімділігі шектелді. Халық ашаршылық алдында тұр. Бірақ бұл жағдай ХАМАС-ты әлсіретпеді.

"Foreigner" журналы бір мақаласында: "Израильдің үздіксіз шабуылына қарамастан, Хамастың күші артып келеді",-деп жазды.

"Foreigner" журналы сионистік режимнің ХАМАС-қа қарсы қазіргі соғысын талдай келіп: "Көптеген палестиналықтардың шәһид болғанына қарамастан, ХАМАС Газа секторының үлкен бөлігін, соның ішінде қазіргі уақытта Газа тұрғындары шоғырланған аймақтарды де-факто бақылайды. ХАМАС Газа халқының үлкен қолдауына ие болып отыр. Бұл оларға бұрын Израиль әскерлері басып алған аймақтарға оңай оралуға мүмкіндік береді. Израильдің соңғы бағалауы бойынша, қазір Газаның солтүстігінде ХАМАС әскері көбірек орналасқан",-деп жазды.  

Қуат көздері

ХАМАС сияқты мемлекеттік емес топтың күші сарапшылар мемлекеттердің күшін бағалау үшін қолданатын әдеттегі материалдық факторлардан туындамайды. ХАМАС пен басқа да мемлекеттік емес субъектілер үшін күштің ең маңызды көзі – оны жасақтау қабілеті, әсіресе топтың операцияларын жүзеге асыру үшін жауынгерлер мен жедел қызметкерлердің жаңа буындарын тарту қабілеті. Бұл жалдау қабілеті, сайып келгенде, бір факторға – өз қауымдастығынан алатын қолдаудың ауқымы мен қарқындылығына негізделген.

Сауалнамалардың нәтижесі

Сауалнамалар нәтижесі бойынша, Израильдің Газаны бомбалауы және құрлықтан басып алуы палестиналықтардың израильдіктерге қарсы шабуылдарға қолдауын азайтпағаны былай тұрсын, керісінше  7 қазаннан бері қолдау одан ары көбейді. 2024 жылы наурызда палестиналықтардың 73 пайызының пайымдауынша, ХАМАС Газа халқының әскери күші ретінде 7 қазандағы шабуылда дұрыс әрекет етті. Осы көзқарастың нәтижесінде бұл топтың келесі буынды өз қатарына қосу қабілеті арта түсті.

ХАМАС-ты жеңу үшін әскери шешімнің жоқтығы

Тоғыз айға созылған сұрапыл соғыстан кейін ХАМАС-ты жеңу үшін таза әскери шешім жолы жоқ екенін мойындайтын уақыт келді. Бұл топ қазіргі қуатынан да мықты, бір жай идеядан жоғары. ХАМАС – жойылмайтын саяси және әлеуметтік қозғалыс.